«Тобыл» македониялық футболшымен келісімшартын ұзартпақ
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
«Тобыл» команданың лидерлерінің бірі Алекса Амановичпен келісімшартын ұзартпақ. Бұл туралы ekipa.mk хабарлайды.
Биыл қостанайлық команданың бірнеше футболшылармен келісімшарты аяқталады. Олардың ішінде македониялық Алекса Аманович те бар. Бірақ ұжым басшылары бұл қорғаушымен келісімшартты ұзартпақ.
Айта кетейік, Аманович «Тобыл» сапына өткен маусымда келді. Биыл ол Қазақстан чемпионатында 24 кездесу өткізіп, үш гол соқты.
Қазіргі уақытта 25 жастағы футболшының трансфер нарығындағы құны – бір миллион. Қазақстанға дейін ол сербиялық «Явор» (Иваница), «ИМТ Белград», «Телеоптик» командаларында ойнаған. Негізі Аманович «Партизан» командасының тәлімгері.