«Қайсар» клубы директор мен бас бапкердің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Әрқайсысының қанша ақша алатыны да белгілі болды.

«Қайсардың» баспасөз қызметі республикалық спорт порталдарында тараған клуб директоры Серік Досманбетов, спорт директоры Талғат Сыздықов және бас бапкер Владимир Никитенконың жалақысына байланысты ақпараттың жалған екенін хабарлады. 

«Қайсар» футбол клубының бекітілген штаттық кестесіне сәйкес клуб директоры С.Қ.Досманбетов және спорт директоры Т.М.Сыздықовқа 300 000 теңге көлемінде жалақы тағайындалған. Бас бапкер Владимир Никитенконың жалақысы ақпаратта көрсетілген сомадан 7 есе аз. Яғни бас бапкердің еңбекақысы - 1 000 000 теңге. Сонымен қатар команданың жаттықтырушысы ел чемпионатында ең төменгі жалақы алатын бапкерлер қатарында екенін жеткіземіз», – делінген хабарламада

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде