«Атырау» клубының басшылығында өзгеріс орын алды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Жақын арада жаңа директор тағайындалатын болады.

Бүгін «Атырау» СК қоғамдық қорының директоры қызметіне Әділбек Нұрлығожиев тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Әділбек Нұрлығожиев 1957 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Ұзақ уақыт бойы әртүрлі құрылымдарда басшылық қызметте жұмыс істеген, қазіргі уақытта «Атырауинжстрой» ЖШС бас директоры ретінде қызмет атқаруда.

Ал Азат Қазиханов «Атырау» СК қоғамдық қорының директоры қызметінен өз өтініші бойынша кететін болады.

Қонысбай Шпанов жаңа директор тағайындалғанға дейін «Атырау» клубының директоры болып жұмыс істемек.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде