«Ақтөбе» ресейлік қақпашымен қош айтысты

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Мұханов ресейлік қақпашыны өз жоспарына енгізбеді.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақтөбенің» ресейлік қақпашысы Сергей Ревякин клубтан кетті.

Ақтөбелік клубтың басшылығы 26 жастағы қақпашымен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

«Зенит» пен мәскеулік ЦСКА клубының тәрбиеленушісі «Ақтөбе» сапына өткен маусым басталмай жатып қосылды. Ол беларусь маманы Алексей Бага клубтан кеткеннен кейін ғана ақтөбелік командадағы дебютін жасап, Владимир Мұханов оралғаннан кейін негізгі құрамдағы орнын тағы да жоғалтып алды. Ел біріншілігінде 7 кездесу өткізіп, Қазақстан кубогінде 4 матчқа қатысқан. Соңғы рет алаңға 7 тамызда «Ақжайықпен» (1:2) болған ойында шыққан.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде