Қазақстан әйелдер құрамасына шақырту алған футболшылар тізімі белгілі болды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Калоян Петков 18 қараша күні басталған оқу-жаттығу жиынына 26 ойыншыны шақыртып отыр.

Қақпашылар: Ирина Саратовцева, Ангелина Портнова (екеуі де – №8 БЖМОРСМ), Миллана Бурдакова («Томирис-Тұран»);

Қорғаушылар: Александра Бурова («БИІК-Шымкент»), Айгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Жансая Көпжанова (барлығы – «Томирис-Тұран»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова, Жансая Қазиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Шохиста Ходжашева («Хаккаригучу», Түркия), Камила Совет, Камила Исатаева (екеуі де – №8 БЖМОРСМ);

Жартылай қорғаушылар: Фатима Сатығалиева («Оқжетпес»), Мәдина Жаңатаева, Қазына Норбаева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Анеля Сұңқарова (№8 БЖМОРСМ), Әселхан Тұрлыбекова, Анастасия Низамутдинова, Айша Садықова, Назмина Сағатова (барлығы – «Томирис-Тұран»);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева, Әсел Көбесова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Алина Лозукова («БИІК-Шымкент»);

Бапкерлер құрамы: Калоян Петков – бас бапкер, Искандар Геймат – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылар бапкері, Светлана Бейбутова – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Данияр Анес – менеджер, Серік Жугралин – әкімші.

Естеріңізге сала кетейік Қазақстан әйелдер құрамасы 26 қараша күні 2023 жылы болатын Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франция құрамасына қарсы ойнайды. Матч Ванн қаласының «Рабин» стадионында өтеді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде