Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Еуропа чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы бас бапкер Рикардо Каканың жетекшілігімен Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тиісті келісімге екі футбол федерациялары арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілді. Екі кездесу де Нұр-Сұлтан қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2021 жылдың 14 және 15 желтоқсанында өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады.

Еске салайық, Қазақстан 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін Еуро-2022 турниріне қатысады. В тобындағы қазақстандықтардың қарсыластары Словения, Италия және Финляндия болады.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде