«Астана» клубының 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Елордалық клуб ҚПЛ клубтары арасында ең көп бюджетке ие болыпты.

БАҚ беттерінде «Астана» футбол клубының осы маусымға арналған бюджеті 15 миллиард теңгені құрайды деген ақпарат жарияланды. Бірақ елордалық клубтың баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Клубтың 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңгені құрайды, бұл БАҚ жарыса жазған сомадан әлдеқайда төмен», – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, «Астана» командасы 2021 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы алғашқы матчта «Қайраттан» 0:3 есебімен ұтылды. Қос команда арасындағы жауапты матч 20 қараша күні өтеді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде