«Тобыл» клубы бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Қостанайлық клуб әзірше Москаленкоға сенім артпақ.

Кейбір әлеуметтік желілерде «Тобылдың» жаңа бас бапкер іздеп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.

Бірақ қостанайлық клубтың басшылығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және бас бапкер лауазымына үміткерлердің ізделініп жатпағанын хабарлады.

Естерңізде болса, «Тобыл» өткен маусымды Григорий Бабаянның жетекшілігімен бастаған еді. Бірақ маусым ортасында Бабаян ЦСКА клубына кеткендіктен, тізгінді Александр Москаленко ұстады. Оның басшылығымен қостанайлық клуб Қазақстан чемпионы атанды.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде