Поль Погба Қазақстан құрамасына қарсы ойнамауы мүмкін

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба әлем чемпионатының іріктеу ойындарының алдында жарақат алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы оқу-жаттығу жиынында алаңда командаласымен қақтығысып қалған. Нәтижесінде жаттығуды уақытынан ерте аяқтауына тура келген. Сонымен қатар, қорғаушы Преснел Кимпембе Қазақстан мен Финляндияға қарсы матчтарда командасына көмектесе алмайды.

Еске салайық, 13 қараша күні Катар-2022 турнирінің квалификациясында Франция құрамасы Талғат Байсуфинов жаттықтыратын жігіттерді қабылдайды. Артынша 16 қазанда Финляндияға қонаққа барады. D тобының көшін 12 ұпаймен Дидье Дешам шәкірттері бастап тұр. Екінші орында 9 ұпайы бар Украина жайғасқан. Ал 7 матчта 3 ұпай алған «қаршығалар» соңғы орында.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде