«Қайрат» ойыншысына ота жасалды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожинге италиялық клиникада ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– «Қайрат» АФК және Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Нұрғожинге италиялық «Вилла Стюарт» клиникасында сәтті ота жасалды.

Операция сәтті өтті, ойыншының жағдайы жақсы. Шамамен 4 айда қатарға қосылады», – делінген команда хабарламасында.

Айта кетейік, Нұрғожин әлем чемпионатында Бразилия құрамасына қарсы ойында жарақат алған болатын.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде