Тәжікстан құрамасы Қазақстанмен ойын алдында бас бапкердің есімін жариялады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Тәжікстан құрамасы Қазақстанмен жолдастық кездесу алдында жаңа бас бапкердің есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжікстан құрамасының тізгінін Мубин Эргашев ұстады. Дегенмен, бұл шешім уақытша.

Мубин Эргашев – Тәжікстандағы UEFA PRO бапкерлік лицензиясы бар жалғыз жаттықтырушы және тәжік клубымен АФК Чемпиондар лигасын жеңіп алған алғашқы бапкер.

Айта кетейік, футболдан Тәжікстан ұлттық құрамасы Усмон Тошев кеткеннен кейін жарты жылдан астам бапкерсіз болды.

Қазақстан – Тәжікстан матчы 16 қарашада «Астана-Аренада» өтеді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде