Раде Дугалич: «Ауа-райы ойынға кедергі келтірмейді»

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Қайрат» ертең Алматыда «Карабах» клубын қабылдайды.

«Қайраттың» сербиялық қорғаушысы Раде Дугалич Конференция лигасының 4-туры аясында әзірбайжандық «Карабахпен» болатын матч жайлы пікір білдірді.

«Меніңше, ауа-райы ойынға кедергі келтірмейді. Біз Алматының суық болып тұратынына үйреніп кеттік. Бұл футбол үшін қалыпты жағдай, ештеңе етпейді деп ойлаймын. Егер барлығы келіп бізді қолдаса, трибуналарда, оған қоса жасыл алаңда жылылық сезіледі деп сенемін», – деді Дугалич.

Айта кетейік, қос команда арасындағы кездесу 4 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч жергілікті уақытпен 21:30-да басталады.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде