«Астана» командасына ресми түрде трансфер жасауға тиым салынды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Елордалық клуб алдағы үш трансферлік терезеде ойыншы ала алмайды.

Қазақстан футбол федерациясы «Астана» футбол клубына жаңа ойыншылар тіркеуіне тыйым салады. 

ФИФА-ның дау-дамайларды шешу палатасының шешімі бойынша «Астана» футбол клубына айыппұл салынды. Қазақстандық команда румыниялық футболшы Дорин Ротариудың алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі болып саналды. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы «Астана» футбол клубына алдағы 3 трансфер кезеңінде жаңа ойыншылар тіркеуге рұқсат бермейтін болды.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде