Игорь Чесноков тағы бір маңызды матчта қазылық етуі мүмкін
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Төреші Қазақстан Кубогінің финалында қызмет етуі мүмкін.
Sports.ru Қазақстан сайтының хабарлауынша, футболдан Қазақстан кубогінің финалдық ойынына төреші Игорь Чесноков тағайындалады.
Бұған дейін 49 жастағы маманның «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матчтан кейін мансабын аяқтайтыны хабарланғанымен, бұл ақпарат расталған жоқ.
Қазіргі уақытта өскемендік төреші VAR жүйесі бойынша дайындықтан өтуде. Келесі маусымнан бастап Қазақстанда VAR жүйесі толыққанды іске қосылады деп жоспарлануда.