Муртазаевтың командасы «Химкиден» жеңілді
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
«Балтика» футбол клубы Ресей кубогы элиталық кезеңінің үшінші айналымында «Химкимен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти сериясында 4:5 «Химки» жеңіске жетті.
«Балтика» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшысы Роман Муртазаев екінші таймда алаңға шықты. Әрі пенальти сериясында алғашқы пенальтиді сәтті орындады.
«Балтика» (Калининград, Ресей) – «Химки» (Мәске, Ресей) – 0:0 (4:5 – пенальти сериясы).