Вагнер Лав мансабын отанында жалғастыруы мүмкін
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Вагнер Лав мансабын бразилиялық «Интернасьонал» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы «ЦВБП-медиа» телеграм-каналы жазды.
«ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы (қазір «Қайратта» ойнайды) Вагнер Лавқа «Интернасьонал» көз тікті, клуб 37 жастағы Паоло Геррероның орнына футболшы іздеп жатыр.
Перулік клубпен келісімшарт бұзылады. Жергілікті радиожурналистердің мәліметінше, бұл жағдайда бразилиялық клуб Вагнерге қызығушылық танытып отыр», – деп жазылған хабарламада.