Виталий Балашов: «Мен жігіттерден допты маған беруін өтіндім және бәрі сәтті аяқталды»

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Балашов кешегі ойында айып добынан гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Ақтөбенің» шабуылшысы Виталий Балашов Премьер-лиганың 25-турында түркістандық «Тұранға» қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

– Қиын матч. Біз үшін сырт алаңдағы ойын оңай болған жоқ. Құдайға шүкір, маңызды үш ұпайды алдық. Ең алдымен біз бас бапкерді қолдадық. Оның басынан қайғылы жағдай өтті. Ойынға келетін болсақ, алғашқы отыз минутты жақсы өткіздік. Содан кейін біз қарсыластың қойған ойынына бейімделе бастадық және бірінші таймның соңғы 15 минутында сылбыр ойнадық. Бірінші таймнан кейін бапкер бізді тыныштандырды. Ол біздің ойыннан сәл алыстағанымызды айтты. Менің ойымша, біз жаттықтырушының ақыл-кеңесінен кейін өз ойынымызды көрсеттік.

– Бұған дейін айып добын Темірлан Ерланов орындайтын еді. Бұл жолы сіз мүмкіндік алдыңыз. Сәтті соққы жасауыңызға не себеп?

– Бұған дейінгі клубтарда айып добын мен орындайтынмын. Бұл жолы қақпа мен доптың арасындағы қашықтық қабырғада тұрған ойыншылардан асыра соққы жасауға мүмкіндік берді. Мен жігіттерден допты маған беруін өтіндім және бәрі сәтті аяқталды. Жанкүйерлерімізге стадионда қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. Мен олардың Қазақстандағы үздік жанкүйерлер екенін қайталаудан жалықпаймын.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде