Алексей Щеткин мансабын Қазақстанда жалғастырады
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Футболшы «Аланиямен» болған матчқа шақыртылмады.
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин волгоградтық «Ротордан» кетіп, Қазақстанға қайта оралуы мүмкін.
«Тень отца Гурмана» телеграм арнасының хабарлауынша, шабуылшы мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады.
Ағымдағы маусымда Щеткин «Ротор» сапында сегіз кездесу өткізді, бірақ нәтижелі іс-әрекетпен көзге түспеді. Ал кеше ФНЛ-дің 19-туры аясында «Аланиямен» болған матчқа шақыртылған жоқ.
Өткен маусымды да қазақстандық шабуылшы «Ротор» сапында өткізген болатын.