Денис Поляков: «Қарсыластың әлсіз тұстары бар»

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Оң нәтиже үшін келдік дейді беларусь қорғаушысы.

«Қайрат» қорғаушысы Денис Поляков Конференция лигасының топтық кезеңінің үшінші турында «Карабахпен» болатын ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды AzeriSport басылымы:

– Бізді қиын ойын күтіп тұр. «Карабах» – тәжірибелі команда. Матч қызықты болады. Біз оң нәтиже үшін келдік және көздеген мақсатымызға жетеміз деп сенемін. «Карабахта» жақсы ойыншылар бар. Бірақ, ең алдымен, олар мықты команда. Қарсыластың шабуыл шебі күшті. Бірақ күшті жағымен қатар әлсіз тұстары да бар.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде