Оралхан Өміртаев: «Қазақ халқын қуантуға тырысамыз»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Оралхан биыл «Шахтер» сапында өте керемет маусым өткізуде.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев команданың алдағы матчтарға дайындығы туралы пікір білдірді:
- Оқу-жаттығу жиындары өте жақсы басталды. Футболшылардың барлығы түгел келіп, 4 қазан күні жаттығу жұмыстарына кірістік. Босния және Герцеговина - мықты команда, ойыншылары Еуропа чемпионаттарына өнер көрсетеді.
Құдай қаласа, 9 қазан күні болатын матчта бар күшімізді салып, жанкүйерлерді, отбасымызды қуантуға тырысамыз. Және стадионның 50%-на жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етілді. Сондықтан атмосфера керемет болады деп ойлаймын. Қазақ халқын қуантуға тырысамыз.