«Ақтөбе» клубы бас бапкердің жалақысы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Әлеуметтік желілерде Мұхановтың жалақысы 25 мың долларды құрайтыны айтылып еді.

"Ақтөбе" клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде айтылып жүрген Владимир Мухановтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Кейбір бұқаралық және бұқаралық емес ақпарат құралдарында "Ақтөбе" ФК бас бапкері Владимир Мұхановтың жалақысы айына 25 мың долларды құрайды деген хабар тарады.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бас бапкердің еңбекақысы көрсетілген сомадан бірнеше есе төмен. Алайда еңбек шартының құпиялылығын сақтау мақсатында Мұхановтың табысын нақты жариялау әдептілікке жатпайды деп есептейміз", - делінген хабарламада.

Дереккөз

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде