Тайнан: «Мен ешқашан біздің команданы ұятқа қалдырғым келмеді»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Тайнан жанкүйерлерден кешірім сұрады.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Тайнан өзінің Instagram парақшасында Бразилиямен болған матчтағы (2:4) сәтсіз ойыны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.
«Кешір, Қазақстан! Бізді қолдаған барша қазақстандықтардан, тіпті бразилиялықтардан және отбасымнан кешірім сұраймын. Бұл мен ұмытқым келетін ойын, бірақ мен бұдан да мықты болып оралуға уәде беремін. Мен ешқашан біздің команданы ұятқа қалдырғым келмеді. Мен бәрінен кешірім сұраймын», - деп жазды Тайнан өзінің Instagram парақшасында.