«Омонияның» бас бапкері «Қайратпен» тең ойынға қатысты пікір білдірді

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Кипрлік «Омонияның» бас бапкері Хенинг Берг Конференция лигасы топтық кезеңіндегі бірінші матчте «Қайратпен» тең ойын жақсы көрсеткіш деген ойда.

«Ойын жақсы өтті. Қорғаныста жағдайды бақылауда ұстадық, шабуылда да мүмкіндіктер болды. Гол салған тамаша болар еді. Бұл жеңіске жетуде келесі қадам болады. Ойыншылардың нәтижесі мен төккен теріне ризамыз. 

Жанкүерлеріміздің трибунада болғаны қуантады. Олар күш, адреналин және сенімділік береді. Алдағы матчте мұнан жақсы көрсеткішке үмітіміз бар. Мүмкін ол ойында көрермендердің 70 пайызы болады. 

Ойынға толықтай көңілім толды дей алмаймын. Бірақ бұл жақсы көрсеткіш. Сапымызда міндетін жақсы орындаған жаңа ойыншылар болды», - дейді Берг. 

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде