«Қайраттың» Конференция Лигасындағы ойыны жанкүйерлермен өтеді

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес мыналар қабылданды:

«Көрермендерге отырғызу тәртібін және әлеуметтік қашықтықты ұстана отырып, Алматының «Орталық» стадионына 30% адамға Конференциялар Лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Омония» (Кипр) арасындағы матчқа келуге рұқсат етілді. ASHYQ қосымшасын тек «Жасыл» дәрежеңіз болған жағдайда қолданыңыз.

Матчқа билеттер 14 қыркүйектен бастап стадионның кассаларында және «Қайрат» ФК -ның онлайн сайттарында (ресми сайт пен мобильді қосымша) сатылады.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Qazaq Football