Финляндия ұлттық құрамасының бас бапкері Канерва: «Өз алаңымызда Қазақстанды жеңгеніміз жақсы болды»

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Финляндияның бас бапкері Маркку Канерва Қазақстанға қарсы өткен әлем чемпионатына іріктеу матчы (1:0) туралы пікір білдірді.

«Мен өз футболшыларымның ойынына өте ризамын. Қазақстан – жақсы команда, сондықтан оларды өз алаңымызда жеңгеніміз өте жақсы болды. Менің ойыншыларым керемет жұмыс жасады.

Похьянпалоның голы әдемі болды. Біз айып алаңда артықшылыққа ие боламыз деп ойладық, солай болды. Тамаша орындалған жоспар.

Франциямен келесі ойын? Бізде бір жыл бұрын француздарға қарсы ойнаған жақсы тәжірибе бар. Жоспарланған идеялар жүзеге асқан болатын. Біз бұл жоспарларды қайтадан қолдануға тырысамыз», – деді Канерва.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде