Неліктен QazSport «Қайраттың» ойынын көрсетпейді?
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Отандық телеарнамыз Qazsport бүгін УЕФА Конференция Лигасының қос бірдей матчын тікелей эфирде көрсетуі тиіс болатын. Оның бірі - «Маккаби» - «Шахтёр» болса, екіншісі - «Қайрат» - «Фола» кездесуі. Екі команда да ел намысын плей-офф кезеңінде қорғауда және топтық кезеңге шығуға жақын. Алайда спорт арнасы алматылық клубтың қатысуымен өтетін матчты көрсетпейтін болып шешті. Оның себебі: «Қайрат» өкілдері Qazsport-тан тым көп мөлшердегі қаржыны сұраған. Бұл өткен ойындардан қарағанда 10 есе қымбат деген сыбыстар бар.
«Қайрат» - «Фола» кездесуін біз ендігі клубтың ресми YouTube арнасынан тамашалай аламыз - KAIRAT-TV.