«Ақтөбе» жартылай қорғаушымен толықты
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Гана ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Иоахим Адукор «Ақтөбе» ойыншысы атанды. 27 жасар Адукор тіреуші-жартылай қорғаушы қызметін атқарады. Қазақстандық клубқа ауыспас бұрын ол босниялық «Сараево» сапында доп тепкен.
Сонымен қатар, ойыншы өз мансабында португалдық «Трофенсе», франциялық «Безье», грекиялық «ОФИ Крит» және венгриялық «Диошдьёр» құрамында ойнаған.