Тәттібаев: «Ұлттық құрамаға шақыртылғаныма қуаныштымын, бірақ қазір клубқа пайдамды тигізсем деймін»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының шабуылшысы Айдос Тәттібаев Конференция лигасы аясындағы израильдік «Маккаби» Тель-Авив клубымен өтетін матч қарсаңында тілшілердің сұрағына жауап қатты.
– Мен және команда тек жақсы нәтижеден үміттіміз. Лайықты түрде өнер көрсеткіміз келеді. Меніңше, матчты біз ғана емес, барша Қарағанды, тіпті барша Қазақстан күтуде. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жасаймыз. – Құрамаға шақырылу сізге екі есе мотивация берді ме? – Әрине, ұлттық құрама – үлкен плюс. Бұл менің мансабымдағы алғашқы шақырту, сол себепті қуаныштымын. Алайда, қазіргі таңда мен тек клубқа өз пайдамды тигізуді ойлаймын. Құрама бапкерлеріне шақырғандары үшін алғыс айтамын. – Қазір сіз өзіңіздің үздік ойныңызды көрсетіп жүрсіз бе?
– Бұл қазір менің мансабымдағы ең нәтижелі маусым болғандықтан, қазір мен үздік күйдемін дей аламын. – Ойыншылардың психологиялық жағдайы қандай? – Клуб ішінде бәрі қатты алаңдаулы деп айта алмаймын. Барлығы ойынға көтеріңкі көңіл-күйде дайындалуда. Плей-офф кезеңі, ойыншылар бақытты деуге болады. Бүгінгі таңда толқыныс бәсең. Бәлкім, ертең ойын алдында болатын шығар. Бірақ команда ұрысқа дайын, келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз. «Шахтер» ФК