Тони Силва «Қайсармен» болған ойын туралы: «Бірнеше гол соғатын сәттерді мүлт жібердік»

«Қайсар» қақпасына жеңіс голын соққан «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Тони Силва ҚПЛ-ның 5-ші тур аясындағы болған ойын туралы пікірін айтты.

– Бұл мен үшін қиынға соққан матч болды, өйткені өткен жылдың қараша айынан бастап бірінші рет 75 минут алаңда өткіздім. Қазір физикалық жағдайымның қалыпқа келгенін сеземін. Ойынның басында гол соғып, осы есепті ұстап тұрдық. Бірнеше гол соғатын сәттерді мүлт жібердік. Меніңше, ең бастысы осы ойында үш ұпайға ие болғанымыз.

Маған манеж ұнайды, жанкүйерлеріміздің әрдайым бізді қолдап отыратынына ризамын.

Қаланы әлі толық аралаған жоқпын, әзірге ешқайда шықпаймын. Бәлкім, кейін қала аралап, түрлі орындарға баратын шығармын.

Источник: «Тобыл» ФК
Популярные комментарии
Aslan Kazbekov
Отличный гол забил Тони

Еще по теме

1 комментарий Написать комментарий