1 мин.

Каршакевич «Тобылға» қарсы Қазақстан кубогы 1/4 финалының бірінші матчына қатыса алмайды

«Қызыл-Жардың» 33 жастағы беларусь қорғаушысы Валерий Каршакевич «Тобылға» қарсы болатын Қазақстан кубогы 1/4 финалының бірінші ойынында алаңға шықпайды.

Каршакевич Қазақстан кубогының топтық кезеңінің екінші турдағы «Шахтерге» қарсы кездесуінде (2:3) қарсыласты ұрғаны үшін алаңнан қуылып, бес ойынға дисквалификация алды.

Валерий Каршакевич ағымдағы Қазақстан кубогында 2 кездесу өткізіп, оның бірінде команданы капитан ретінде алаңға шығарған болатын.